Главная ] Вверх ] Содержание ]

Махамбет
Назрул Ислам ] Рабиндранат Тагор ] Омар Хайям ] [ Махамбет ]

 

Махамбет

Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?

Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?

Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!

 

Махамбет. 1836

 


OVUM

Со всеми вопросами и пожеланиями обращайтесь по адресу: enisei@list.ru  
Дата последнего изменения: мая 12, 2004
Hosted by uCoz